
Жаңалықтар
«Ақжайықта» 1 200 гектардан астам аумақтағы өрт сөндірілді, қалған 50 гектарда жұмыс жалғасуда
Өткен түнде жел бағытының тұрақсыздығы мен екпінді желдің күшеюіне байланысты өрт аумағы 400 гектарға ұлғайды.
18 маусымдағы таңертеңгі жағдай бойынша 1 206 гектар жердегі өрт сөндірілді, қалған 50 гектарға жуық аумақта жалын ошағы оқшауланып жатыр.
Өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру және бақылауда ұстау үшін Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев пен Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы оқиға орнында жұмыс істеуде.
Жедел штабтың тапсырмасы бойынша өрт сөндіруге ТЖ департаментінің күштері мен құралдары, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері, орман шаруашылығы мамандары және мердігер ұйымдар тартылған.
Барлығы 120-дан астам адам және 30-ға жуық техника жұмылдырылған.
Жедел штаб тәулік бойы қызмет атқаруда.