Жарнама
Жаңалықтар

“Ақжайық” резерватының материалдық жағдайы қандай?

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты – еліміздің батыс аймағындағы ерекше маңызы бар экожүйені сақтау мен қорғауға бағытталған маңызды мекемелердің бірі. Бүгінде бұл аумақта табиғатты қорғау жұмыстарын ұйымдастыру мен бақылауды 86 штаттық және 20 штаттан тыс қызметкер жүзеге асырып келеді.

2023 жылы резерваттың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін республикалық бюджеттен 285,2 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен табиғатты күзетуге арналған бірнеше техника сатып алынды. Атап айтқанда:

  • 1 дана АЦ 3,2-40/4 өрт сөндіру көлігі,
  • 1 дана экскаватор XCMG WZ30-25 тиегіш,
  • 1 дана УАЗ-390945 шағын орман патрульдік кешені,
  • 1 дана АЦ 5-40 ЗИЛ өрт сөндіру көлігі,
  • 2 дана МТЗ-82 тракторы,
  • 5 дана 2,4 дискілі тырма,
  • 60 дана кеуде бейнежазба құрылғысы,
  • 40 дана орман өрт сөндіргіші,
  • 45 дана рация,
  • 127,6 тонна жанар-жағармай мен 14,2 тонна дизель отыны.

Қазіргі таңда резерват аумағында 4 тұрақты бекет жұмыс істейді. Табиғатты күзету 8 маршрут бойынша жүргізіледі (4 оң жағалау, 4 сол жағалау бағыты). Бұл жұмыстар бекітілген кезекшілік кестесі мен инспекторлардың дислокациялық жоспары негізінде орындалады.

Сонымен қатар мекеме қарамағында:

  • 4 мотопомпа,
  • 2 арнайы өрт сөндіру көлігі (Орал-2007 ж., ЗИЛ-2008 ж.),
  • 2 трактор (2009 және 2014 жылдары шыққан),
  • 2 УАЗ шағын өрт сөндіру көлігі,
  • 16 моторлы қайық бар.

Қажетті техникалар мен құралдар

Мекеме мамандары табиғатты толыққанды қорғау және орман өрттерінің алдын алу үшін қазіргі жағдаймен шектеліп қалуға болмайтынын айтады. Осы мақсатта келесі техникалық жабдықтар қажет:

  • 15 метрлік өрт мұнарасы – 3 дана
    (Өрт ошақтарын дер кезінде анықтау және құқықбұзушылықтың алдын алу үшін).
  • БУРЛАК тіркемесімен – 2 дана
  • Өрт сөндіру тіркемесі ЛКТ-П (5 м³ цистернамен) – 4 дана
  • КАМАЗ-43118 шассиіндегі автоцистерна – 1 дана
  • Квадроцикл Сокол-1,5 – 10 дана
    (69 дана Урал мотоциклі орнына – қазіргі техникалық нормаларға сай келетін техника).
  • Орман өрт сөндіру станциясы (ЛПС) – 2 бекет
  • Аэролодка «Север 750К» – 1 дана
    (батпақты және шалшықты аймақтарға өту үшін)
  • Дрон – 4 дана
    (ауа бақылауын күшейту мақсатында)

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button