Ақтоғайдағы қаза: Махамбет Досмұхамбетов қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты

1 14 Жаңалықтар

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылында болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты» деп хабарлайды Atr.kz

«Бір үйден қаза болған екі ер адам, бір әйел адам мен кәмелеттік жасқа толмаған қыз баланың денесі табылды. Сала мамандары көмірқышқыл газынан уланған деп болжап отыр.

Оқиға орнына шұғыл жеткен әкімдік пен төтенше жағдай сондай-ақ, полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады.

Қайтыс болғандардың отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын» деп жазды Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында.

Қазіргі таңда марқұмдардың отбасына материалдық, жақындарына психологиялық көмек көрсетілуде.

Махамбет Досмұхамбетов жариялаған постында облыс тұрғындарын қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударуға шақырды.
Сондай ақ, қала, аудандар мен барлық ауылдық елді мекен әкімдеріне Төтенше жағдай департаментімен бірлесе отырып қауіпсіздік шараларын сақтауға қатысты қажетті жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз