Жаңалықтар
Ақтөбе-Атырау-Астрахан: Тас жолда қайғылы оқиға орын алды
Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, бүгін, 20 қараша күні сағат 05:30 шамасында Актөбе-Атырау-Астрахан тас жолының 480 шақырымында Subaru Legacy маркалы автокөлігінің жүргізушісі жолда басқару жүйесін игере алмай, аударылған.
Оқиға салдарынан көліктің 46 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
Полиция қызметкерлері жолда сақ болуға және көлік құралдарын басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.