Жарнама
Жаңалықтар

АҚШ-та алғашқы қазақ балабақшасы ашылды

АҚШ-тың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды.
24KZ ақпараттық ресурсы таратқан мәлімет бойынша, «Айналайын» деп аталатын балалар білім беру орталығын құру идеясының авторы – қазақстандық Жанна Атабекова. Оның айтуынша, қазір Кремний алқабында тұратын және жұмыс істейтін қазақстандықтар жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйретуге мүмкіндік алды.

Бір ерекшелігі, бұл балабақшаға Қазақстаннан келгендерден басқа, қырғыз және американдық отбасылардың да балалары бара алады. Ұрпақтарына ұлттық құндылықтарды дарытуды мақсат еткен Калифорниядағы қандастарымыздың қуанышында шек жоқ.

–Бізге бәрі ұнады. Ең бастысы – бұл балабақша біздің ана тілімізді сақтау үшін маңызды. Сондай-ақ баламыз атасы мен әжесі тәрбиелегендей тәрбиеге ие болса екен деймін. Менің кіші қызым Әсима 18 айлық. Мен оның ана тілін білгенін қалаймын, — дейді ата-ана Әлия Мусина.

Айта кету керек, балабақшаның ауласынан бастап қазақтың иісі аңқып тұрса керек. Мұнда бүлдіршіндер қазірден-ақ наурыз көженің дайындалуын көріп, ұлттық тағамдардың аттарын айтып, үйреніп жатыр.

Сурет: 24KZ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button