Жарнама
Жаңалықтар

Аққыстауда 60 пәтерлік 3 тұрғын үй пайдалануға беріледі

«Бұл туралы бүгін өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берген Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі таңда Исатай ауданының орталығы  Аққыстау ауылында үш қатарлы 60 пәтерлік  үш тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сонымен бірге, жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегінде тұрған азаматтарға  181 жер учаскесі  берілді. Енді кезекте 455 адам қалды» деп атап өтті спикер Марат Мурзиев.

Еске сала кетелік,  онлайн форматта өтіп жатқан брифингке Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысуда. Брифинг «Атырау», «Каспиан ньюс» каналдары арқылы тікелей эфирде көрсетіліп, әлеуметтік желілерде тікелей эфирде таратылып жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button