Жарнама
Жаңалықтар

Ақкөлде 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

Құрманғазы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақкөл ауылынан 600 орындық жаңа мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған жобаның тапсырыс берушісі — «Samruk-Kazyna Construction» АҚ компаниясы. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, нысан аудандық білім бөліміне тапсырылады.

Жуырда аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов құрылыс алаңына арнайы барып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Сапар барысында атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланып, нысан сапасына баса назар аударылуы керектігі ескертілді.

Жаңа білім ордасы тек оқу ғимаратымен шектелмейді. Жобада заманауи спорттық және ойын алаңдары да қарастырылған. Сонымен қатар аудан әкімдігі тарапынан мектепке қажетті барлық инфрақұрылым тартылуда, оның ішінде жол құрылысы да қамтылған.

Айта кету керек, құрылыс жұмыстарын «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазір төбе жабындысын жабу, инженерлік желілерді тарту, ішкі әрлеу секілді жұмыстар жасалуда. Жалпы алғанда инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың 70 пайызы орындалған.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button