
“Ақ жол” партиясы журналистерге құрмет көрсетті
Биылғы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, “Ақ жол” Қазақстанның демократиялық партиясы бір топ ақпарат саласының қызметкерін арнайы қабылдап, құрмет көрсетті. Іс-шара партияның облыстық филиалы ғимаратында өтті.

Мерекелік қабылдауда партияның облыстық филиалының төрағасы Ермекқали Юсупов БАҚ өкілдерінің қоғамдағы орны мен еңбегіне ерекше тоқталды.
– Ақпарат майданында аянбай еңбек етіп жүрген сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен шынайы, адал еңбектеріңіз ел дамуы мен азаматтық қоғамды нығайтуда аса маңызды. Қаламы қарымды журналистер әрқашан шындық пен әділдіктің биігінде тұрады. Бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілеймін, – деді Ермекқали Юсупов.
“Ақ жол” партиясы БАҚ саласы қызметкерлерімен әрдайым тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыратынын атап өтті.
Рита ӨТЕУҒАЛИ