
Аптап ыстық қай өңірлерде күтіліп отыр? Синоптиктер ескерту жариялады
Дүйсенбіде елімізде қатты ыстық болады, жел күшейіп, кей өңірлерде өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 мамырда Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклоны әсер ететіндіктен, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, орталық және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр жауады. Еліміздің кей жерлерінде, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Түркістан облысында, Маңғыстау облысында таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Түркістан облысында екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында, күндіз Атырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жрқылдайды. Күндіз Ақмола, Атырау, Қостанай, оңтүстік Батыс Қазақстан облысында қатты ыстық болады. Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.