
Апаттық құтқару қызметіне – жаңа автокөлік
Атырау облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен Мақат ауданында арнайы құтқару қызметіне арналған екі жаңа “Toyota Hilux” автокөлігі табыс етілді. Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және олардың әлеуметтік мәртебесін арттырудың маңыздылығы негізінде іске асырылды.

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған техникалар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, шұғыл апаттық жұмыстарда әрекет ету үшін қолданылатын болады.
Айта кету керек, аудандық төтенше жағдай бөлімінде өрт сөндіруге арналған Урал автокөлігі базасындағы екі АЦ-6-40 пен АЦ-5-40 арнайы өрт сөндіру көлігі және негізгі жұмыстарға арналған 1 Toyota Hilux автокөлігі бар.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ