Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әнші Еркеш Шәкеев концертінде көп балалы отбасыға пәтер сыйлады

Аtr.kz/8 мамыр, 2019 жыл. Белгілі композитор, әнші Еркеш Шәкеев өзінің қайырымдылық концертінен түскен қаржыға 5 балалы отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Бақыт кілтінің иесі атанған Айнұр Махымова 5 қыз бала тәрбиелеп отыр. 10 жыл бойы уақытша баспананы паналап келген. Күйеуі жұмыссыз. Айнұрдың өзі қоғамдық жұмыстармен айналысады. Қыздардың үлкені мектепте оқиды, кішісі балабақшаға барады. Бұл отбасы концертте сыйлық алатынын білмеген.

20190508175625


«Бізге хабарласып, Еркеш Шәкеевтің концертіне шақырып жатқанын айтты. Дәл мұндай тосынсыйды күтпедік», — деді Айнұр.
Музыкант бұл мұқтаж отбасы туралы әлеуметтік желіден білген. Көпбалалы отбасынан шыққан әнші қайырымдылық бастаманы өзі көтерген.
Әнші Алматыдағы Айнабұлақ шағын ауданынан 82 шаршы метр болатын 4 бөлмелі пәтер сатып алып, кейін оны аталған отбасыға сыйға тартты.
Айта кетейік, Шәкеевтің концертіне Алматы симфониялық оркестрі, пианист Oliver Poole, Mezzo тобы, Марат Бисенғалиев, A’Studio, Карина Абдуллина, Толқын Забирова, Евровидение қатысушысы Bianca Nicholas қатысты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button