Аналар күніне орай, атыраулық еріктілер ішіне тосын сый салынған шоколадтар үлестірді

2529016101 Жаңалықтар

Atr.kz/9-наурыз, 2019 жыл. Аналар күніне орай, Болатбек Қоңырбаев бастаған «Нұр Ай» қайырымдылық қорының атыраулық еріктілері ерекше акция ұйымдастырды.

Тәтті шоколадтардың әрқайсына 2000 теңгеден салынған ерекше тосын сый Атырау қаласының аумағы бойынша адам көп жүретін жерлерде үлестірілді. Дина базары маңы, Академия аялдамасы, Әлиев көшесінің бойын қамтыған акция кезінде ұрпақ өргізіп, отбасының ұйытқысына айналған ақжаулықты аналарымызбен бірге, қаланың тазалығына үлес қосып, ерекше сауапты іс атқарып жүрген көше тазалаушы аналар қамтылды.

2529016101

«Бұған дейін астаналық блогердің ішіне 20 000 теңге салынған шоколадтар таратып, керемет істің үлгісін көрсеткені белгілі. Бұл эстафетаны атыраулық еріктілер біз қабылдап алып отырмыз. Әрі қарай, эстафетаны жалғастырамыз деушілер табылса, керемет болар еді. Сынақ үшін берілген қысқа ғана ғұмырда жақсылықта жарысайық. Сауабы мол істер баршамызды біріктіре түссін» дейді «Нұр Ай» қайырымдылық қорының жетекшісі Болатбек Қоңырбаев.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

@bolat_konyrbaev

@atr.kz.atr.kz

@alashtyn_urpagy

@sultan_beibarys_meshiti

@iman_zhastary

@baiterek_iman_jastary

@iman_zhastary_makhambet_audany

@iman_zhastary_akkistau

@iman_zhastary_sagyz

@iman_zhastary_mukyr

@iman_zhastary_zhuldyz

@inder_imanzhastary

@iman_zhastary_qyzylqoga

@iman_zhastary_zhylyoi

@iman_zhastary_isatay

#астана #алматы #шымкент #тараз #қызылорда #ақтөбе #орал #атырау #актау #мангыстау #қостанай #павлодар #петропавл #кокшетау #караганда #семей #түркістан #ислам #жайдарман #квн #кта #islam #лайк #репост

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз