АНАЛАРҒА АЙРЫҚША ҚҰРМЕТ

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев бастаған партия белсенділері тыл ардагері, көпбалалы ана Жабия Сүйіншәлиеваның шаңырағында болып, сый-сияпаттарын ұсынды. Қариялар күні аясында жасалып отырған қайырымдылық көмек мақсаты – аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. 

– Қарттар – біздің қазынамыз. Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсат – ел бірлігін, жер тұтастығын, халықтың бірлігін берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу. Қариялар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы болып келеді. Партияның облыстық комитеті қашан да ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты аналарымызды ардақтап, көмек қолын созып тұрады, – дейді Қазақстан Коммунистік Халық партиясы облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.
1927 жылы дүниеге келген Жабия Сүйіншәлиева – тыл ардагері. Соғыс уақытында Новобогат, Забурын жерлерінде тігінші әрі, сатушы болып еңбек еткен ол жеңісті жақындатуға өзінше үлес қосады. Келген қонақтарға алғысын білдірген қария тағылымы мол естеліктерімен де бөлісті.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз