АМӨЗ жұмысшылары 700-ден астам ағаш отырғызды
Республикалық «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» экологиялық акциясы аясында Атырау мұнай өңдеу зауытының санитарлы-қорғау аумағында жасыл желек егуге бағытталған іс-шара өтті. Акцияға 100-ге тарта жұмысшы қатысты.
Экологиялық науқанға зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратов, сондай-ақ өндірістік және құрылымдық бөлімшелердің басшылары да қосылды. Акция барысында 0,7 га алқапқа аймақтың сортаң топырағына төзімді қарағаш пен сұр теректің 450-ден астам көшеті отырғызылды. Жасыл желектерді күтіп-баптаумен зауыт жұмысшыларының өздері айналысады.
Зауыттың санитарлы-қорғау аумағының жалпы көлемі 805 га құрайды. Қазіргі кезде аумақтың 28%-ы, яғни 225 га көгалдандырылып, абаттандырылған. Ағаштарды күту жұмыстарымен «Сәулет-Құрылыс» ЖШС айналысады.
Санитарлық талаптарды орындау аясында биыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 65 га аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қажетті қаражат бөлді. Жыл соңына дейін тағы 32,9 га аумаққа 15 700 көшет отырғызу жоспарланған. Белгіленген көлемдегі аумақты көгалдандыру үшін «АМӨЗ» ЖШС Атырау қаласының әкімдігіне қосымша жер телімдерін беру туралы хат жолдады.
АМӨЗ жұмысшыларының бастамасымен жасыл акция зауыт аумағында да жүргізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 300 ден астам ағаш пен бұта отырғызылды. АМӨЗ аумағын көгалдандыру жұмыстары ағаш отырғызу маусымының соңына дейін жалғасады.
Аймақтың экологиялық климатын жақсартуға ниетті кәсіпорын ретінде «АМӨЗ» ЖШС Атырау қаласы аумағын көгалдандыруға үлес қосып, қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспарланған шараларды іске асыруды жалғастырады.
АМӨЗ баспасөз бөлімі