Жарнама
Жаңалықтар

АМӨЗ: тасқынға қарсы іс-шаралар аяқталуда

Атырау мұнай өңдеу зауытының және мердігер компаниялардың жедел штабы мен жұмылдыру тобы қаланың түрлі аудандарында және қала маңында су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді жалғастырып жатыр.

Аталған зауыттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызметкерлер Соколок каналы аймағында («Сасық сай» булану алаңы) екі бөгет тұрғызуда. Қазір ұзындығы 660 метр болатын бөгеттің құрылысы аяқталып, биіктігін 2,1 метрге дейін көтеру жұмыстары жүргізілуде. Екінші 925 метрлік дамбыны салу және нығайту жұмыстары аптаның соңында аяқталады деп жоспарланған.

Өндірістік активтерді су басудан қорғау мақсатында зауыт территориясы мен нысандарының айналасында бөгет тұрғызылып, периметр бойынша қоршауды нығайту және герметизациялау жалғасуда.

–Бұдан бөлек Геолог және Томарлы елді мекендерінде жалпы ұзындығы 1 690 метрді құрайтын бөгеттің құрылысы аяқталып жатыр. Балдың бір шақырымнан астам бөлігін тұрғызу, нығыздау және биіктігін көтеру жұмыстары мәресіне жетті. Қалған 625 метрін салу және биіктігін 7 метрге дейін көтеру 95%-ға орындалды. Жағаны бекіту жұмыстары тәулік бойы, бөгеттер мен қорғаныс құрылыстарын салу технологиясының барлық нормаларына сәйкес жүргізілуде, — делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кету керек, су тасқынына қарсы іс-шараларға Атырау мұнай өңдеу зауыты мен мердігер компаниялардың 250 қызметкерінен бөлек, 70-тен астам әскери қызметші, сондай-ақ жергілікті тұрғындар атсалысуда. Жұмыстарға 30-ға жуық арнайы техника тартылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button