Жарнама
Жаңалықтар

АМӨЗ: Бас директорға қатысты қылмыстық іс туралы ақпарат рас па?

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры Ғалымжан Жусанбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.

Ulysmedia телеграм-арнасы мен басқа да ақпарат көздерінде таралған бұл мәліметті «АМӨЗ» ЖШС жалған деп атады. Құқық қорғау органдарынан зауыт басшылығының атына ешқандай ресми хабарлама немесе сұраныс келіп түспеген.

«Бұл ақпарат зауыт пен оның қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіруге бағытталған. «АМӨЗ» ЖШС өз қызметін штаттық режимде, заңға сәйкес адал орындап келеді», – делінген мәлімдемеде.

Кәсіпорын барлық БАҚ өкілін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, жалған мәліметтердің кәсіпорынның беделі мен қызметкерлердің әл-ауқатына зиян тигізетінін ескертті.

Сондай-ақ «АМӨЗ» ЖШС жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту үшін заңды шаралар қолдануға дайын екенін мәлімдеді.

Зауыт өндірістік тапсырмаларын штаттық режимде орындап, Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауда.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button