Атырау өңіріндегі өндіріс орындарында жарақат алу азайды (+ВИДЕО)

Amandyk Abdulov 45 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/13 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысына қызметтік іссапармен келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған жұмыс тобы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Атап айтқанда, «Ембімұнайгаз» мекемесінде ірі кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шаралар кешені жөнінде айтты. «Бүгінде жұмысшылардың жалақысын өсіру міндеті қойылып, шешімін тауып жатыр. Сондай-ақ, өндірістік жарақат үлесі 16 пайызға азайды. Әлі де шешімін күткен мәселелер көп. Атыраудағы жұмысшылардың жағдайын жасау үшін бірігіп жұмыс жасайық» деді Гүлшара Наушақызы.

https://youtu.be/0RajBR3yY8w

Айта кетейік, Атырауда ең төменгі еңбекақы 13 пайызға көбейтіліп, орташа жалақы 329 мың теңгені құрап отыр. Өз кезегінде, 2027 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ ұзақмерзімді дамуды қамтамасыз ететін жоғары білікті қызметкерлері мен тиімді ресурстық базасы бар, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сай келетін, мажоритарлық мемлекеттік қатысуы бар, тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясы болады деген болжам бар. Осы орайда, әлеуметтік және бизнес мүдделердің тепе-теңдігін сақтау арқылы компания жұмысшыларына тұрақтылықты, акционерлерге тиімділікті қамтамасыз ету үшін мұнай мен газды өндіреміз деп сендірді ембіліктер.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз