![«AMANAT» партиясы облыстық филиалының конференциясы өтті 1 e48f57ab de88 4aaa 9535 01e040569ba5](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/e48f57ab-de88-4aaa-9535-01e040569ba5.jpg)
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының конференциясы өтті
Дүйсенбіде «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ХХХІХ есеп беру-сайлау конфереренциясы өтті.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес, алдымен «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдары атқарған жұмыстарынан есебі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері тыңдалды. Оның ішінде, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жобасы аясында өңірлік , «Жол картасын» іске асыру барысына назар аударылды. Бұл жөнінде филиалдың хатшысы Абдолла Идресов баяндады.
![«AMANAT» партиясы облыстық филиалының конференциясы өтті 2 e5fdcc10 9041 407e 8df8 1005224c1c93](https://atr.kz/wp-content/uploads/2023/08/e5fdcc10-9041-407e-8df8-1005224c1c93-1024x683.jpg)
Келесі кезекте күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша филиал жанындағы бақылау-тексеру комиссиясының есебі мақұлданды. Бұдан соң саяси кеңестің және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.
Конференция жұмысына, «AMANAT» партиясының хатшысы, саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев қатысып, сөз сөйледі.
Дәулетқали АРУЕВ