Ғалымдар қатерлі ісіктен сақтанудың басты амалын айтты

photo 45626 Жаңалықтар

Ұлыбританиядағы Қатерлі ісікті зерттеу орталығының ғалымдары онкологиялық ауруларың шығуындағы басты себепті анықтап, қалай дерттен аман сақтануға болатынын айтып берді. 

photo_45626

Eurekalert сайтындағы жарияланған баспасөз хабарламасына қарағанда, Британияның өзінде жыл бойында 135,5 мың жағдайдың алдын алуға болар еді, бұл ауру санының үштен бір бөлігінен асады.

Қатерлі ісіктің таралуына басты себеп темекі түтіні екен. Ерлер арасында осы себеппен қатерлі ісік жұқтырған 17,7 пайыздан асатын жағдай, ал әйелдер арасында 12,4 пайыз жағдай тіркелген. Екінші орында артық салмақ, ал үшінші орында күнге күйгенде ультракүлгін сәуледен пайда болатын дерт екен.

Ал басқа себептердің ішінде алкоголь, ауаның ластануы және жасұнықты мөлшерінен артық пайдалану бар.

Ғалымдар салауатты өмір салтын ұстанса онкологиялық аурудың алдын алуға болатынын айтады.

«Салауатты өмір салтын ұстану қатерлі ісікке шалдықпайтыныңызға кепіл бола алмайды, десек те мүмкіндік бар. Бұл сандар әрқайсымыздың аурудың алдын алуға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетіп отыр», – дейді орталық басшысы Харпал Кумар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз