«Бейбарыс» шайбалы хоккейден жеңіске жетті

20161208205805 Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойындары өтті. Өскеменде жергілікті «Алтай-Торпедо» командасымен кездескен Атыраудың «Бейбарыс» клубының хоккейшілері екі кездесуде де жеңіске жетіп, маңызды алты ұпайға ие болды.

20161208205805

Алғашқы күні қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз, жексенбідегі ойында өскемендік Полуэктов қорғаған қақпаға бейбарыстық Митряков, Кочетков, Кучиндер шайба соғып, командаға жеңіс сыйлады. Қарсыластар бұған екі шайбамен жауап қайтарды. Қазір 40 кездесуден кейін 75 ұпай жинаған «Бейбарыс» турнир кестесіннің 5-ші сатысында келеді. Біріншілік көшін 89 ұпаймен Көкшетаудың «Арланы» бастауда. Жерлестеріміз кезекті ойындарын 16-17 қаңтарда Павлодарда жергілікті «Ертіс» клубымен өткізеді.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз