Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Алтын шаңырақ» аналар кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалы жанындағы «Алтын шаңырақ» аналар кеңесінің отырысы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева қатысып, мерейлі мерекемен құттықтады. 

Кеңес отырысынан

Әйел – тіршіліктің бастау бұлағы, әлемнің ажырамас бөлігі, сұлулықтың асыл тәжі. Ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесінің көтерілуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандай құрметке де лайық. Қашан да үлкенді құрметтеуді азаматтық парызы санаған қазақ халқында ананы сыйлау – тәрбиенің өзегі. Туған өлкеміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз үшін зор алғысымды білдіремін, — деп бір топ Ассамблея мүшелеріне  Алғыс хат табыстады.

Одан соң «Иверия» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе қыз-келіншектерді әдемілік пен әсемдіктің, жарасымдылық пен мейірімділіктің мерекесімен құттықтады.  «Ақжаулықты аналарымызды қадірлеп, оларға үнемі жағдай жасап, көңіл бөлу – әр адамның перзенттік борышы, міндеті» дей келіп, шаңырақ шаттығын, ұрпақ қызығын көруді тіледі.

Рита Жайғалиқызы

Related Articles

One Comment

  1. Аудандардағы әйелдерді де шақырып, құрмет көрсеткені игі іс болды. Анамның Қызылқоға ауданында тұратын досы да арнайы келіпті осы шараға. Қуанып, «мерекеде үлкен сый болды» деп мәз болып отырды. Әдетте, ауыл әйелі мұндай шаралардан тыс қалып жатады, сондықтан жиі өтіп тұрса … Жалпы,ауыл әйелдері қандай құрметке де лайық қой

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button