Жарнама
Жаңалықтар

Алты айда өңір тұрғындарына 24,6 млн. теңге қайтарылды

Атырау облысында биылғы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тұтынушыларға 24,6 млн. теңге өтелді. Бұл туралы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Самат Емберген брифинг барысында мәлім етті, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, есепті кезеңде департаментке 470-ке жуық өтініш түскен. Олардың басым бөлігі бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрмыстық қызмет көрсету, туристік және байланыс салаларындағы мәселелерге қатысты. Жүргізілген 55 жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 27 кәсіпкерге шара қолданылып, жалпы сомасы 2,4 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері 23 комиссия отырысы өтіп, «Сауда қызметін реттеу туралы» заң талаптарын бұзған 40 кәсіпкерлік субъектісіне тексеріс ашылды. Солардың ішінде 16-на айыппұл салынып, жетеуіне ескерту берілді. Бағаны ұстап тұру үшін жергілікті өндірушілерге 294 тегін сауда орны ұсынылды, – деді С.Емберген.

Апта сайын «Сарайшық» базары мен «Мұнайшы» стадионы маңында азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Жыл басынан бері 100-ден астам жәрмеңке ұйымдастырылған.

Департамент басшысы сапасыз және қауіпті өнімдерді анықтау үшін «Сапалы өнім» жобасы аясында тұрақты мониторинг жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ тұтынушылардың құқығы бұзылған жағдайда департаментке тікелей жүгінуге болатынын еске салды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button