Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Алпыс есе айып төлейді

Жылыой аудандық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыппұл төлейді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот материалдарында анықталғандай, айыпталушы уәкілетті лауазымды адам бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланды. Кәсіпкерден заңсыз әрекеттері үшін 33 мың теңге пара алып, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған.

Жаза қолдану барысында сотталушының бұрын сотталмағандығы, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, өз ісіне шынымен өкінуі есепке алынды. Десек те, жауапкершіліктен мүлдем аттап өте алмасы белгілі. Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару  құқығынан айырылды. Сондай-ақ, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button