
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Алматыда көліктің қозғалуына рұқсаттың бар-жоғын интернет арқылы тексеріп жатыр
Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен ЖСН және көліктің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды.
Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді.
Сондай-ақ, аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпараттармен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымшада бақылау-өткізу бекеттерінен өту ережелері жазылған бөлім бар.