Алимент өндірудің әділ жолы бар ма? (САРАПтама)
Atr.kz/13 қазан, 2020 жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында заңның үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық даму толыққанды жүзеге аспайтыны айтылды. Алға қойылған осы талап, міндетті орындауда жеке сот орындаушыларының атқарып жатқан жұмыстары қандай? Сот шешімдерінің уақытында орындалуына не кедергі?
Заңға – 67 өзгеріс
О б л ы с т ы қ ж е к е с о т орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары Күләнда Қыстаубаева жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының жұмысы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңмен реттелетіндігін айтты.
– Же ке с от о р ы н д ау ш ы л а р ы институтының құрылғанына – 10 жыл. Осы уақыттан бері аталған заңға 67 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сот орындаушыларының барлығы соттың шешімін орындауға әрекет етеді. Яғни, сот шешімі орындалуымен құнды. Өз елінің заңын сыйлаған тұлға мемлекет атынан шығарылған сот актісін орындауға міндетті. Биыл маусымда Азаматтық кодекске, Азаматтық процестік кодекске, республикадағы банктер және банк қызметi туралы, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңдарға толықтырулар енгізілді. Тыйым салуға жол берілмейтін есеп шоттардың қатарына жеке сот орындаушысының өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған шоты жатқызылған, — деді Күләнда Орынбасарқызы.
Б ұ д а н б а с қ а , т а л а п қ о юд ы қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындау толықтырылған. Енді сот бұл ұйғарымды орындау үшін аумақ бойынша тиісті әділет органына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолдайды.
Алимент өндіру – өзекті проблема
Қазір ажырасу көп болғандықтан, баласына алимент өндіру де өзекті мәселенің біріне айналды. Алимент т ө л еу і т и і с б ол с а д а ж а л т а р ы п жүргендер аз емес. Бұл әрекет заңға да, шариғатқа да қайшы, алайда, оны көпшілік ұғына бермейді. Бүгінде ажырасу деректері өте көп. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, алимент өндіру жөніндегі шыққан әрбір төртінші сот шешімі орындалмайды. Безбүйрек әкелер мен аналардың туған балаларын жастайынан «тірі жетім» атандырып, өз қанынан жаралған ұрпағына қатыгездік жасауы көңілге қаяу салады. Қоғамдағы осындай өзекті мәселеден қаншама бала зардап шегуде?!
Алимент дегенді біз көп жағдайда тек жұбайынан ажырасқан әкенің өз баласына төлеуге міндетті ақысы деп білеміз. Алайда, бұл төлем әкеге ғана емес, анаға да жүктеледі.
– Алимент төлемдері бойынша тек қана екі адам жауапкершілікте болады. Оның төлемдері өзге берешектер секілді басқа адамға, яғни мұрагеріне өтпейді. Алимент төлеуге ерлі-зайыптылардың ажырасқан болуы міндетті емес. Егер күйеуі баланың оқуына, тұрмыс-тіршілігіне ақша бермесе, әйелі оны сот арқылы алимент төлеуге міндетті ете алады. Бірақ, баланы асырауда ананың да міндетті екенін ұмытпаған жөн. Ата-ана құқығынан айырылғандар баланы асырауға алимент төлеуге міндетті. Ата-анасының некеде болуы, азаматтық некеде немесе ажырасқан болуы да мүлде маңызды емес. Қамқорлықта, қорғаншылықта немесе патронаттық тәрбиедегі және асырап алынған балалар да алиментке құқылы, — деді сұхбаттасушымыз.
Заманына қарай адамы демекші, бұрын әйел адамдар балаларын тастап кетпеуші еді. Яғни, алимент төлемдері бойынша борышкер болып әйел адам тіркелмейтін. Қазір облыста жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіру туралы 7 200 атқару құжаты орындауда тұр. Оның ішінде 70 құжат борышкер әйелдерге қатысты. Аналық құқығынан айырылып, кәмелет жасына толмаған ұрпағын балалар үйіне тастап кеткен 21 әйел балалар үйіне, яғни мемлекет пайдасына алимент төлеуі тиіс. Қалған 49 борышкер- әйелдің балаларын әкесінің тәрбиесіне тастап кеткені үшін төлемақыны ер азаматтарының пайдасына төлеу туралы атқару құжаттары бар. Осындай жағдайда облыста жалғызбасты 49 әке балаларына алимент алуда.
Жауапкершілік жүгі ауыр
А л , а л и м е н т т і у а қ ы т ы н д а төлей алмай жүргендерге заң талаптарына сәйкес, белгілі бір шар а л а р қ о л д а н ы л а д ы . Б ұ л р е т те сұхбаттасушымыз сот шешімін орындамаған борышкерлерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті одан әрі күшейту көзделгенін айтты.
– Алимент өндіру туралы атқару құжатын орындамаған борышкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 669-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданады. Бұл баптағы сот актілерін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың қаулыларын орындамау бойынша жеке тұлғаларға – он, ал лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомада айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады, — деді К.Қыстаубаева.
Сондай-ақ, сот орындаушысы заң талаптары аясында борышкердің жылжымалы, жылжымайтын мүлкіне де тыйым сала алады. Борышкер алиментті үш айдан астам уақыт төлемесе, оның елден шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға да құқылы. Берешек жиналып қалған жағдайда, борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салынып, аталған құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жіберіледі.
Әділ шешім қажет
Президент Жолдауында айтылғандай, бүгін азаматтардың мәселелерін тыңдап қою жеткіліксіз. Ең бастысы – проблеманы шешу үшін дұрыс және әділ шешім шығару қажет. Бұл бағытта азаматт ардың мүдде сіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін бірқатар жұмыс атқарылуы тиіс. Осы бағытта сот жүйелеріне негізгі рөл жүктелді. Ал, борышкердің жалақысы болмаған жағдайда алимент өндiрiп алудың тәртiбі қалай жүзеге асады?
– Алимент бойынша берешекті сот орындаушысы тоқсан сайын айқындайды. Сот орындаушысы берешек айқындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қаулыны танысу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптарына жібереді. Мүмкіндігі шектеулі болып табылатын борышкерлер үшін ай сайынғы төлемдер немесе алимент бойынша берешек олардың ай сайынғы жалақысынан, өзге де кірісінен ұсталады. Ал, олар жұмыс істемейтін жағдайда, мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ай сайынғы жәрдемақылар мен әлеуметтік т ө л е м д е р д е н а й қ ы н д а л а д ы , — деді К.Қыстаубаева. Борышкердің жалақысы болмаған немесе сот орындаушысына тапқан табысы туралы нақты ақпарат ұсынылмаған жағдайда алимент берешегі орташа айлық жалақы мөлшерiн негізге ала отырып айқындалады. Бұл сома 203 900 теңге болса, оның өндірілуі тиіс 25, 33, 50 пайызы алимент берешегі болып есептеді. Көп жағдайда борышкер еңбекақысын ең төменгі жалақы мөлшерін көрсетіп, жеке кәсіпкерлерден анықтама алып келеді. Бірақ, сот орындаушылары анықтаманың қаншалықты шындыққа сәйкес келетіндігін тексереді. Алимент берешегін төлемей жүрген борышкердің қандай ма мүлкі болса, заңға сәйкес атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолданады және өндіріп алуды қолдануға болмайтын мүлікті қоспағанда, борышкердің қалған мүлкіне өндіріп алу талаптарын қолданады.
Борышкер белгілі бір әрекеттер жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқарушылық құжаттарды орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден мемлекет кірісіне мерзімі өткен әрбір күн үшін жеке адамдардан 2 айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіріп алу туралы ұсыныспен сотқа жүгінеді. Бұрынғы заңда жеке адамдардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өсімпұл өндіру туралы ұсыныспен шығатын еді.
Алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар тұлғаларды еңбекпен қамту мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәртібі бар. Бұл ретте борышкерлерге Жұмыспен қамту орталығына есепке тұруға хабарлама беріліп, ол орталық тауып берген жұмысқа барудан бас тартқан жағдайда, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Ал, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу атқарушылық іс жүргізу шеңберінде борышкердің қаражаты есебінен жүргізіледі. 10 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шекті мөлшерін белгілей отырып, істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай 3-тен 25 пайызға дейінгі мөлшерде белгіленеді. Баламен қарым-қатынас тәртібі туралы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу өндіріп алушыға және борышкерге бірдей үлестермен жүктеледі.
Алимент төлемдерін төлемеген, өз балаларының әлеуметтік, материалдық жағдайын қиындатып жүрген борышкерлерге қатаң жаза қолданса да артық емес. Өйткені, жеке сот орындаушыларының борышкерлерді жауапкершілікке тарту туралы уәкілетті органдарға берген ұсыныстары көп жағдайда қанағаттандырусыз қалдырылады. Сондықтан, алимент төлемдері уақытында өндірілуі үшін бүгін заңның үстемдігін арттыру әлдеқайда маңызды.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
*Жеке сот орындаушылары 75 борышкерге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін департаментке ұсыныс жолдады. Оның 35-і департаментке кері қайтарылды.
*40 азаматқа қатысты хаттама жасақталып, сотқа ұсынылды. 19-ына айыппұл салынып, 21-і әкімшілік қамауға алынды.
*Облыстағы жеке сот орындаушы саны – 89
Олардың өндірісіндегі құжат – 85 725
Алимент өндіруге қатыстылары – 7 209
*Жыл басынан бері жинақталған 214 борышкердің қарызы – 193 802 488 теңге
Оның ішінде 35 борышкерден өндірілгені – 5 930 280 теңге
*Қазір 179 борышкердің өндіріліп жатқан берешегі – 187 872 208 теңге
Үш айдан аса ішінара төленіп жүрген 83 борышкердің қарызы – 7 552 101 теңге
Алимент мүлдем төленбеген құжат – 96