Жарнама
Жаңалықтар

ӘЛИДІҢ ЕКІНШІ ӨМІРІ

 

Мұракелді есімді жігіт Әлидің денесіне қадалған арматураны «болгаркамен» тағы да қысқартыңқырап кеседі. Ал, дәрігерлер ота жасауға шұғыл дайындалады. Атыраудан санитарлық авиациямен жеткен облыстық балалар ауруханасының ота жасау бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Мерғазиева мен реаниматолог-анестезиолог Ғалым Ембергенов, аудандық аурухана дәрігерлері Рашадин Әбдіғали, Сәуле Қайрденова, Жеңісбек Әбежанов және медбикелер Дариға Мұхамбетқалиева, Гүлмаржан Құрмашевалар өмір мен өлім ортасында жатқан Әлиді ажал аузынан арашалауға кіріседі. Осылайша ұзаққа созылған күрделі ота сәтті аяқталады. Бұл – Гиппократ антына адал, өз істеріне мығым мамандардың біліктілігі мен кәсіби шеберліктерінің арқасы.  

-Немереміздің денсаулығы қазір қалыпқа келді. Жарасы бітігіп, сабағына барып жүр. Мүмкін, сәбидің періштесі қаққан шығар. Өмір мен өлімнің арасындағы арпалыста жеңіске жеткен дәрігерлер алдында басымызды иеміз. Ауруханада жатып, тиісті ем-домын алып, отбасымен қайта қауышқан немереме екінші өмір сыйлаушы Гүлмира Төреханқызына, Ғалым Қабылбекұлына, Рашадин Көнебайұлына, Сәуле Мұратқызына, Жеңісбек Қадырбекұлына, Дариға мен Гүлмаржанға, құтқаруға келген жігіттерге, қабақтарын шытпай, қызмет еткен бөлімшенің басқа да медбикелеріне айтар алғысымыз шексіз. Күн демей, түн демей, адам денсаулығының қырағы күзетінде жүрген оларға мықты денсаулық, отбастарына амандық, адам жаны үшін арашаға түсудегі еңбектеріне табыс тілейміз! — дейді отбасы атынан ризашылығын газет арқылы жеткізуді жөн көрген  Әлидің ата-әжесі Серікқали мен Зәуре. 

Бақытжан ЖҰМАТ,
Исатай ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button