Жарнама
Жаңалықтар

Алғыс алған арымас…

Атырау облысындағы төтенше жағдай кезінде тасқын судың алдын алу үшін бөгет салу жұмыстарына белсене қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңес мүшелері мен ардагерлер және оқу орнының қызметкерлері марапатталды.

Ғылыми кеңес жиынында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов республика Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.
Министрдің Алғыс хатын ардагерлер кеңесінің төрағасы, профессор Асхат Иманғалиев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Бақтыбек Таубаев, математик ғалым Бекет Зейнешұлы бастаған ардагерлер мен академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асхат Чукуров, факультет декандары, тағы да басқа бөлім мамандары мен қызметкерлері алды.
Айта кету керек, бұған дейін министрдің Алғыс хаты студенттер мен олардың ата-аналарына, факультеттердің оқытушы-профессорларына табысталғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, бүгін алғыс алған ардагер Қалжан Ғабдулғазизқызы мен қызметкер Меруерт Меңдіғалиеваға университеттің кәсіподақ ұйымы атынан «Атырау» шипажайына жолдама берілді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button