Жиырма жылда алғаш рет жаңа жеделсаты орнатылды

IMG 20190120 004735 Жаңалықтар

Атыраудағы 3 үйге 20 жылда алғаш рет жаңа жеделсаты орнатылды. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі олардың Б.Момышұлы көшесіндегі 15, 17 және 19 үйлерде іске қосылғанын хабарлады.

IMG_20190120_004735

Жеделсатылар Тұрғын үйді терможаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында орнатылды. Түркияда жасалған лифтілердің сыйымдылығы 4 адамға лайықталған, ал жалпы жүк көтергіштігі – 400 кг. Күтіп пайдаланар болса, жаңа жеделсатының 25 жылға дейін сыны кетпейді.

– Жаңа жеделсатыларда карточкалық жүйе жұмыс істейді. Бір көтерілудің немесе түсудің құны – 8 теңге. Бұл үйдің тұрғындары «Энергетик ПИК» арқылы шоттарын толықтыра алады, – дейді «КОЖД» ЖШС терможаңғырту бөлімінің басшысы Айдын Төреханов.
Жаңа құрылғыларға «КарЭлектропром Лифт» ЖШС қызмет көрсетеді. Компания өкілдерінің айтуынша, жеделсаты бұзылған жағдайда, барлық қажетті бөліктер Атырауда бар.

– Әдетте, жеделсатыларды жалдаушылардың өздері бұзады. Бұл негізінен жүктің салмағына байланысты – 5-6 адам бірден отырады немесе пәтерлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр құрылыс материалдары мен жиһаздарды тасымалдайды. Сондықтан біз тұрғындарды жеделсатыларды барлық белгіленген талаптарға сай пайдалануға шақырамыз, – дейді «КарЭлектропром Лифт» ЖШС-нің директоры Медет Садықов.

Қазір Атырауда 114 үй бар, оның ішінде үш жаңа жеделсатыны қоса есептегенде 301 лифт жұмыс істейді. Жақын арада қаладағы терможаңғырту бағдарламасына сәйкес, Сатпаев көшесіндегі үйлерге тағы да үш жеделсаты орнату жоспарланып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз