Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда браконьерлерге 4 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Атырау облысы Полиция департаменті Жайық өзенінде кезекті рейдтік тексеріс жұмыстарын жүргізді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жүргізілген кешенді рейд барысында суға рұқсатсыз түскен азамат анықталып, оған ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 364-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

img 8390

Рейд барысында Қытайда жасалған заңсыз ау тәркіленіп, ішіндегі тірі балықтар өзенге қайта жіберілді.

  • Күнделікті «Амур» жедел профилактикалық тексерісі күнделікті сағат 19:00-ден түнгі 01:00-ге дейін жүреді. Бұл жұмыс Жайық өзені мен оның маңындағы экожүйені браконьерлік әрекеттерден қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілуде, — деді Атырау ОПД балық қорларына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы Максим Рахмеденов.

2025 жылдың алғашқы алты айында су айдындарында жеті қылмыстық іс тіркелді. 189 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің түрлі баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Айта кетейік, браконьерлікке жол бермеу мақсатында облыс көлемінде «Бекіре-2025», «Браконьер», «Киік» сынды жедел-профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл рейдтер аясында полиция мен балық шаруашылығы инспекциясының бірлескен топтары базарлар мен сату орындарында заңсыз ауланған балық өнімдерін, сондай-ақ тыйым салынған ау құралдарын анықтауға және олардың жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүргізеді.

Аймақта күнделікті рейдтерге 8 қызметкер, 4 автокөлік және 3 су көлігі жұмылдырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button