Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Алғашқы отандық «FlyArystan» лоукостері — Атырауда!

Atr.kz/4 тамыз, 2020 жыл. Бірден айта кету керек, «Эйр Астана» ұлттық əуе компаниясының еншілес кәсіпорны саналатын бұл компания өткен жылдың мамыр айынан жолаушыларға қызмет көрсете бастаған болатын.

Оның басқаларынан басты айырмашылығы — əуе рейстеріне билеттердің күнілгері, тіпті жарты жыл бұрын сатыла бастайтындығы жəне бағаларының айтарлықтай арзандығы. Яғни, ол бюджеттік кəсіпорын болып табылады.

Егер осыдан бір жылдан астам уақыт бұрын бұл компания бірінші рет қызметін ел астанасы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан бастаған болса, енді міне, биылғы шілде айының 15-інен Атыраудан Қазақстан қалаларына қатынайтын əуе рейстерін ашып, жұмысын одан əрі жалғастырып, өрісін кеңейтуде.

Бұл жайында осы компанияның коммерциялық директоры Жанар Жайлауова əңгімелеп берді. Оның мəлімдеуінше, қазіргі уақытта мұнда жоғарыда аталып кеткен «Эйр Астана» компаниясының теңгеріміндегі, сондай-ақ жаңадан сатып алынған əуе кемелері пайдаланылуда. Олар бүгінде Атыраудан еліміздің басқа қалаларына белгіленген кестеге сəйкес рейстерді орындайды.

Осылайша, ұшақтар бұған дейін Ақтау, Алматы, Шымкент жəне Ақтөбе бағыттарына (аптасына екі рет, билет құны 5999 теңгеден басталады) қатынап келсе, тамыз айының 17-сінен Нұр-Сұлтан, 28-інен Қарағанды, Қостанай, Қызылорда (аптасына екі рейстен) жəне Орал (үш рет) қалаларына ұшатын болады. Бұл бағыттарға билеттер 12 999 теңгеден бастап сатылады.

Рейстерді 180 орындық заманауи үлгідегі «Air bus АЗС — 20» əуе лайнерлері орындайды.

Дəулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button