Жарнама
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘЛЕУЕТІ

Бұдан бөлек, үнемделген қаражат есебінен әртүрлі әлеуметтік төлемдерге қосымша 40 млн. теңге қаржы бөлу қарастырылып отыр.

Жол ақысы – 80 теңге

Кезектен тыс сессияда екінші болып қалаішілік жолаушы және жүк тасымалдау тарифтерін өзгертуге қатысты мәселе қаралды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің көлік, энергетика және байланыс секторының меңгерушісі Қуаныш Ибрагимов хабарлама жасады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Атырау қаласында 30 бағытта жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Бұлардың 19-ы қала ішіндегі мөлтекаудандарға және 11-і қала маңындағы елді мекендерге қатынайтын маршруттарды қамтиды. Бүгіндері осы қызметпен 7 мекеме айналысса, 316  тасымал көлігі қызмет көрсетеді. Солардың арасында бір ғана «АйсТрансЖолдинг» ЖШС-нің өз теңгерімінде 70 үлкен автобус бар. Алдағы үш жылда кәсіпорындағы көліктерді жаңарту жоспарланған. Басқаларында қызмет көрсететіндер жеке меншіктегі автокөліктер болып табылады. Өзге  халыққа қызмет көрсету құрылымдарындағы тәрізді, бұнда да әлеуметтік қолдауға ие топтарға қатысты жеңілдіктер сақталған.

Десек те, соңғы кездері бағаның күрт көтеріліп, жанар-жағар май мен қосалқы бөлшектер құнының қымбатсып кетуі жолаушы тасымалымен шұғылданатын кәсіпорын-мекемелерді де шығынға батырып, жағдайды күрделендіріп жіберген. Осы жағын ашық айтып, нақты деректерді алға тартқан хабарламашы жоғарыда келтірілген дерек-дәйектерге сүйене отырып, тасымалдаушылардың тарапынан жол ақысын көтеру жөнінде ұсыныс түскенін жеткізді. Осылайша, бастапқыда қалаішілік автобустардағы жол ақысын осыған дейін қолданылып келген 50-ден 90 теңгеге дейін жоғарылату мәселесі көтерілсе, тұрақты комиссиялардың отырысында оны 80 теңге көлемінде қалдыруға ұйғарым жасалынған. Сол сияқты, қала аумағындағы ауылдарға қатынайтын автобустардың жол ақысын да 20 теңгеге үстемелеу туралы ұсыныс жолданған.

Осынау әлеумет үшін маңыздылығы жоғары мәселе де жан-жақты талқыланып, мақұлданды.

Айтпақшы, қалаішілік маршруттар бойынша белгіленген 80 теңге көлеміндегі жол ақы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button