Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры туралы не білеміз?

5b3a2d9064167bb8a56c128237f Жаңалықтар

Atr.kz/2 қыркүйек, 2019 жыл. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл – денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қорғау мүдделерінің мемлекеттік жүйесі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) Қазақстанның сақтандыруға қатысушы барлық азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік статусына, тұрғылықты мекен-жайына және табысына қарамастан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық және дәрілік көмектің тең дәрежедегі қолжетімділігіне кепілдік береді. Сыртқы факторлар мен шығындардың өсуіне қарсы тұрақты жүйе құру арқылы, сонымен қатар, жүйенің айқындығы мен әділдігі арқылы жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ете аламыз. Жүйені жоғарғы өкілеттілікпен және бәсекелестік пен қамтамасыз ете отырып, қолжетімді, толық әрі сапалы қызметтің соңғы нәтижесіне жеткізу арқылы жүйенің тиімділігін арттыруға болады. Сақтандыруға қатысушы әрбір азамат төленген жарналарының көлеміне қарамастан МӘМС жүйесі арқылы төленетін медициналық көмекті алуға құқылы келеді. Мемлекет ағымдағы қаржылық жылдың алдағы екі жылына сәйкес, мемлекеттік статистика саласындағы өкілетті орган бекіткен орташа жалақы есебінен 20182019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2 % және 2022 жылдан бастап – 3% төлейтін болады. Жарналар азаматтардың жалақысынан емес, жұмыс берушінің өз есебінен төленеді.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПАКЕТТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ 1.

ТМККК пакеті – тегін медициналық көмегінің мемлекетпен кепілдендірілген көлемі және республикалық бюджеттен қаржыландырылады (ТМККК). Ол барлық ҚР азаматтары үшін және оралмандар үшін қолжетімді. Оның ішіне кіретіндер: жедел жәрдем және санитарлық авиация; әлеуметтік-маңызды жағдайлардағы медициналық көмекке зәру ауру түрлері үшін және шұғыл жағдайларда; профилактикалық егулер; амбулаторлық дәрілермен қамсыздандырылған амбулаторлық-емханалық көмек (АЕК) (2020 жылға дейін, яғни жалпыға бірдей мағлұмдау енгізілгенге дейін-өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтушы азамттар үшін) 2. МӘМС пакеті – ТМККК қоса көрсетілетін медициналық көмек көлемі, мемлекеттің, жұмыс берушінің және жұмысшыларға МӘМС Қорына төлеген міндетті сақтандыру жарналары арқылы қаржыландырылады. Оны МӘМС-ға қатысушылар қолдана алады. Оған кіретіндер: амбулаториялық-емханалық көмек (соның ішінде АДҚЕ); станционарлық көмек (әлеуметтік-маңызды жағдайлардығы медициналық көмекке зәру ауру түрлерінен басқа); станционарлық алмастырушы көмек (әлеуметтік-маңызды жағдайлардығы медициналық көмекке зәру ауру түрлерінен басқа); қалпына келтіру емдері және медициналық реабелитация; паллиативті көмек және медбикелік көмек; жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУды сапа бойынша біріккен комиссия (СББК) жүргізетін болады.

Олар: медициналық білім беру стандарттарын, клиникалық хаттамаларды, дәрімен қамтамасыз етуді жетілдіреді; Сондай-ақ, сапаны бақылау жүйесінің стандарттарын және денсаулық сақтау саласындағы қызметтерге қолжетімділікті сақтауды бақылап отырады. Қор медициналық ұйыммен жасалған келісім-шарт негізінде тексеріс жүргізіп, соның ішінде: емдеу жүргізілген жағдайлардың көлемі мен сапасына сараптама жасайды. Бұның бәрі сапалы медициналық көмекке қолжетімділікке, халықтың қажеттілігін қамтамасыз ете алатын денсаулық сақтау жүйесіне, денсаулық жағдайының жақсаруы, өмір сүру деңгейінің артуына, амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етуді кеңейтуге, ұсынылған медициналық көмектің сапасын бақылауды күшейтуге қол жеткізіп, денсаулық сақтауға жұмсалатын жекелеген (өз қалтасынан жұмсайтын) шығындардың деңгейін азайтуға әкеледі. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейтеді. Біздің облыста медициналық сақтандыру қорының жұмысын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы бақылап жүзеге асырады. Онымен қоян-қолтық жұмыс істеу, халыққа терең түсіндіру біздің де ортақ парызымыз.

Әйгерім ӘБІЛХАТҚЫЗЫ,

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз