Жарнама
Жаңалықтар

Әлеуметтік әріптестік әлсіремейді

Д.Қонаев атындағы «BINOM» мектеп-лицейінде «Әлеуметтік әріптестік – еңбек қатынастарын реттеудің тиімді тетігі» атты облыстық семинар өтті. Семинарға жалпы орта білім беру ұйымдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.
​Шараның тізгінін ұстаған Атырау облыстық Білім және ғылым кәсіподақ қоғамдық бірлестігі төрағасы Қылышбай Сүндетов жиынның мән-маңызына, мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Айгүл Мұқашева еңбек даулары және олардың туындау себептері жөнінде кеңінен талқылады.
Қазақстан Республикасы Оқу–ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің Мемлекеттік саясатты іске асыруды талдау және мониторингілеу басқармасының басшысы Айман Дүйсембаева педагогтарды аттестаттаудан өткізу қағидаттарын нақтылап айтты. Ал Бюджеттік жоспарлау департаментінің еңбекақы төлеу әдіснамасы басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова салалық заңнаманың қолданылуын, сала ішінде жұмыскерлердің жалақысын есептеудің өзекті мәселелерін қозғады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Райхан Қыдырбаева қатысушылардың көкейінде жүрген құқық аясындағы сұрақтарына жауап берді.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button