Жарнама
Жаңалықтар

«Әлеуметтік әмиян» сервисі облыс мектептерінің 91 пайызында іске қосулы

Облыс мектептерін «Әлеуметтік әмиян» сервисімен толықтай қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыс жүргізілуде. Цифрлық жүйе оқушылардың тамақтануын бақылауға, жалпы ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл әдіс өңірдегі орта білім беру ұйымдарының 91 пайызында іске қосылған, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінге дейін әлеуметтік осал топқа жататын 5–11 сынып оқушыларына 3700 ваучер тағайындалып, 93 500-ден астам транзакция жүзеге асырылды. Қалған 2000-нан астам оқушыға ваучерлер Оқу-ағарту министрлігі тарапынан берілмек. Ал тегін тамақтандырумен қамтылған 1–4 сынып оқушылары үшін бұл қажеттілік туындамайды.

–Білім беру ұйымдарын цифрландыру және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Alaqan Mektep» жүйесі енгізілуде. Бұл арқылы оқушылардың мектепке кіруі мен шығуы, ыстық тамақпен және оқулықпен қамтылуы биометриялық сәйкестендіру арқылы бақыланады. 2025 жылдың қыркүйегіне дейін Атырау қаласындағы 65 мектепке ақпараттық бағдарламалық кешенді орнату жоспарланып отыр,- деді облыстық білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаров.

Былтыр облыста 114 аппараттық-бағдарламалық кешенді орнату жоспарланса, қазір бұл көрсеткіш артығымен орындалып, «Alaqan Mektep» жүйесі 119 мектепке енгізілді. Исатай ауданында бұл жүйе 16 білім ордасында іске қосылған. Солардың бірі – Аққыстау атындағы орта мектеп. Мұнда оқушылар мектепке кірер алдын алақандарын арнайы сканерге қойып, биометриялық жүйе арқылы тіркеледі.

Мектеп директорының айтуынша, бұл бағдарлама орнатылғалы оқушылардың тарапынан өзгеше тәртіп қалыптаса бастаған.
— 2024-2025 оқу жылынан бастап «Алақан» жүйесімен жұмыс істей бастадық. Бұл жүйенің біз үшін ең тиімді тұсы — балалардың қауіпсіздігі. Мектепке мұғалімдер мен оқушылар ғана қолын қойып кіре алады. Сонымен қатар. ата-аналар үшін де өте ыңғайлы болды: олар балаларының мектепке кірген және шыққан уақытын онлайн қарап отыра алады, — деді Аққыстау атындағы орта мектептің директоры Тамара Халенова.

Айта өтейік, бұл жүйемен Жылыой ауданында – 19, Қызылқоғада – 16, Мақатта – 9, Құрманғазыда –29, Исатайда – 16, Махамбетте – 15 және Индер ауданында 15 білім ордасы қамтылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button