Жарнама
ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

«ӘЛЕМДІ ӘЛДИЛЕГЕН АНА» байқауының жеңімпаздары марапатталды (+ФОТО)

          Ең нәзік сезім, ең нәзік ой, ең ұшқыр қиял–баланың тілінде. Ол өзінің айналасын балалық болмысымен қабылдап, көзіменен көргенін, сәулесіне тоқығанын ғана суреттеуге бейім болады.

          «Атырау-Ақпарат» ЖШС-і облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті ұжымының ұйымдастыруымен V-XI сыныптар оқушылары арасында «Әлемді әлдилеген ана» атты облыстық шығармашылық байқауы қорытындыланды.

          Оқушылардың жазу өнеріндегі қарымы мен қабілетін, шығармашылығын шыңдай түсуіне жол ашатын байқауға 100-ден астам шәкірт қатысып, бақтарын сынап көрген болатын.

          Бұл сайысқа оқушылардың ұстаздары мен ата-аналары да шын жанашырлық танытқанын баса айтып өту керек.

          Әйел-ананы қандай көркем теңеуге теңесе де, аздық ететіні анық.

          Байқауға қойылған басты талап–ізгілікті іс жасап, өзі елеусіз қалатын әйел-аналар туралы эссе жазу. Осы арқылы ана бейнесін қоғамға өнеге етіп көрсетіп, шығармашыл жастарды қалың оқырманға таныту.

          Шарада сөз алған «Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатындығын айтып, жас өрендерге сәттілік тіледі.

  • Мектеп – оқушының ең керемет кезеңі. Заңғар жазушылардың да жасөспірім шағында осындай байқауларға қатысып, шыңдалғандығы белгілі. Ендеше, біздің де бұлақтың көзін ашу, таланттарды елге таныту мақсатымыз бар. Байқауға қатысқан оқушылардың белсенділігі байқалады. Осындай шараларға жиі қатысып, талаптана берсеңіздер сіздерден дарынды журналист,  шебер менеджер шығады деген ойдамыз. Ана тақырыбында таңды таңға атырып айтуға болады. Ана деген үш әріпті сөздің астарында құдыретті мән мағына бар. Осы секілді  жобаларға қатысудың өзі үлкен жетістік,-деді Ысқақ Дүйсембайұлы.
  • Бұрынғыдай емес, бүгінде қалыпты өмірге біртіндеп аяқ басып келеміз. Қауіп тебіртіндеп сейілуде. Осындай кезеңде облыстағы іргелі басылым – «Атырау» газетінің бастамашыл болуымен өткізіліп жатқан шараның маңызы ерекше. Өйткені, қиын-қыстау кезеңде елді ізгілікке, бірлікке шақырып, алғашқылардың бірі болып ой талқыға салып отыратын газеттің орны зор. Көбінесе балаға үш жақты тәрбие қажет. Ата-анасы, ұстазы және баланың өзінің де тәрибеге бейімделуі. Елдегі ахуалға байланысты көп нәрсені ата-ананың шешуіне тура келді. Әсіресе, аналар баланың оқуы мен тәрбиесіне көп көңіл бөліп жүр. Мұны біз ұстаздар да жете сезінеміз. Баланың алдында ананың рөлі өте биік. Облыстағы оқушылардың талаптарын жықпай, қолпаштап жатқан игі шараларыңыз оңынан болсын. Облыстық білім беру басқармасы да осы секілді тың бастамаларға қолдау көрсетуге әзір. Оқушылардың аналарына деген лебіздерін арнап, ол өздеріңіздей маңдай алды ұжым тарапынан марапатталып жатқаны қуантады. Байқауға қатысушы оқушыларға талаптарыңыз оң, болашақтарыңыз жарқын болуына тілекшімін. Ұстаздарға да шәкіртеріңіздің шабыттары шарықтасын деп тілеймін,-деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

          Конкурс қорытындысы бойынша шығармалары үздік деп танылған Н.Тілендиев атындағы дарынды балаларға арналған кіші Өнер академиясының 10 сынып оқушысы Аяулым Сағынғали I орын, Махамбет атындағы орта мектептің 7 сынып оқушысы Жайна Бисен II орын, Ж.Досмұхамедов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицейдің 9 сынып оқушысы Хасен Жәнібек III орын,  Т.Амандосов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Ақнұр Бауыржанқызы IV, Абай атындағы жалпы орта мектептің 10 сынып оқушысы Ақбота Тілекқабыл V жүлделі орындарға ие болды.

           №38 мектеп лицейдің 5 сынып оқушысы Нұрбибі Сакембай, Махамбет атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Жайна Қапсихова, №9 орта мектептің 6 сынып оқушысы Асылай Тоқберген, Алмалы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Әбілхайыр Наурыз, Д.Жазықбаев атындағы №16 мектептің 8 сынып оқушысы Алтынай Уразбай ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.

          Өз кезектерінде оқушылар да ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып, балалық жылы лебіздерін арнады.

           «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, марапат иелері мен ұстаздарына, ата-аналарына «Атырау» газетінің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Үздік шыққан оқушыларға сондай-ақ «Атырау-Ақпарат» медиахолдингісінде ұйымдастырылатын бір апталық медиакурсқа жолдамалар берілді.   

          Алдағы уақытта оқушылардың үздік шығармалары облыстық басылымда жарияланып, олардың шыңдала түсуіне ұйытқы бола бермек.

Алмас ҚАБДОЛОВ

fb img 1615813217889
fb img 1615813223627
fb img 1615813226118
fb img 1615813236133
fb img 1615813237936

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button