Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:
🔺Бангкокта COVID-19 вирусы “дельта” штаммының таралуына байланысты коронавирусқа шалдығушылар саны артып, төсек-орын жетіспеушілігі орын алуда. Таиланд Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызмет көрсету департаменті директорының айтуынша, ірі ауруханалардағы барлық интенсивиті терапия бөлімшелері науқастарға лық толы.
🔺Финляндия билігі 31 шілдеден бастап қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне күшейтілген шектеу енгізуде. Жұмыс уақыты мен алкогольді сату уақытына, сонымен қатар үй-жайға келушілер санына да бірқатар шектеулер белгіленуде.
🔺Таиландта коронавирус жұқтырудың күнделікті өсімі тіркелді – 17 669 жағдай, сондай-ақ COVID – 19 салдарынан қайтыс болғандардың саны 165-ке жетіп, антирекордтық көрсеткіш жаңарды. Сонымен қатар Токиода үшінші күн қатарынан коронавирустық инфекциялардың тәуліктік көрсеткіші өсті, 3 865 жағдай расталды.