Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

ӘЛЕМ: Италияда вирустың таралуы бәсеңдей бастады

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл. Соңғы екі аптада Еуропа бойынша Италияда коронавирустың таралуы жылдам өршіп жатыр. Италия халқы пандемияның шарықтау шегін күтуде. Себебі одан кейін жадай оңалады деген үміт бар, деп жазады Le Figaro.

«Италияда жалпыұлттық карантин жарияланғаннан кейін 20 күн өткен соң Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Италияда коронавирус пандемиясы 7-10 күннен кейін шарықтау шегіне жетеді деп мәлімдеді. Ал Денсаулық институтының директоры Сильвио Брусаферроның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны азаймағанымен, вирустың бәсеңдеуі байқалады. Дегенмен, бұл жағдайды сақтап қалу үшін карантин мен оқшаулану тәртібін бәсеңдетіп алмау керек» деп жазады басылым.

Мамандардың айтуынша, Италияда 19-29 наурыз аралығында күніне 5-6 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталып отырса, 30-31 наурызда бұл көрсеткіш күніне 4-5 мың адамды құрады.

«Ломбардиядағы инфекция ошағы саналатын Кодого мен Бергамода, яғни, алғашқы инфекция ошағында жедел жәрдем көмегіне жүгіну екі есе азайды. Мамандардың айтуынша, қабылданған шешімдер 38 мың адамның өлімінің алдын алған» деп жазады автор.

http://atr.kz/bez-rubriki/42-500-elimizde-%d3%99leumettik-t%d3%a9lem-ta%d2%93ajyndajtyn-zha%d2%93a-servis-iske-%d2%9bosyldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button