Жарнама
Жаңалықтар

Алдыңғы толқынның айтары

Биыл Чернобыль атом электр стансасындағы ядролық апаттың орын алғанына 30 жыл толды. Осыған орай, Атырау қаласындағы №41433 әскери бөліміндегі сарбаздар зардаптың салдарын жоюға қатысқан атыраулық жауынгерлермен кездесті.

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, денсаулығы мен жастық шағынан ерте айырылған азаматтардың ерлігін насихаттау мақсатында өткен шараны «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жиын Чернобыль апаты кезінде қаза тапқандарды үнсіздікпен еске алудан басталды. Одан соң мыңдаған адамның өмірін жалмаған жарылыс туралы деректі фильмнен үзінді көрсетілді.

Биыл ғана құрылған «Чернобыль ардагерлері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері өткен күндердің жаңғырығы туралы әңгімеледі. Адамзатқа айтқысыз қайғы-қасірет әкелген сол бір жылдары олар небәрі 17-18 жастағы бозбала еді.

«1987 жылы Одесса әскери округіне қарасты әскери бөлімнің бірінде, құрылыс батальонында командир болдым. Біз әртүрлі жұмыс жасадық. Чернобыль атом стансасының IV блогына бетон құйдық. Төбені жабу үшін жоғары қабат-қа қорғасын шығардық» дейді аталған бірлестіктің төрағасы Болат Дәулетияр. Ал, апатты жоюға қатысушылардың бірі Асқар Илешов бұл нағыз мылтықсыз майдан болғанын айтады. «Бізге 30 шақырым аймақты күзету, тазарту міндеті жүктелді. Халықты эвакуациялауға тікелей қатыстық. Қала түгелдей тікенек сыммен қоршалды. Радиацияның зардабы өте қауіпті. Оның не түсі, не иісі жоқ, көзге көрінбейді, құлаққа естілмейді. Ол қарулы жаудан да жаман еді» дейді     Асқар Қайырғалиұлы.

 Апат зардабын жоюға Қазақстаннан 32 мыңдай адам қатысты. Олардың қатарында 1200 атыраулық болған.

Айта кету керек, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңестірілген Чернобыль апатына қатысушыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік жеңілдіктер де көрсетіледі. Былтыр облыста сегіз адам тұрғын үймен қамтылды. Жыл сайын емдеу-сауықтыру орындарына тегін жолдама бері-леді. Әуе, теміржол тасымалы билеттеріне 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Алдағы уақытта ай сайынғы зейнетақының сомасы арттырылып,  жер телімін алып, кәсіп ашуға да қолдау болмақ.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button