Алдағы үш күнде 32 градусқа дейін суытып, боран соғады
Қазгидромет синоптиктері 13-15 ақпан аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
13-14 ақпанда фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жаңбыр мен қар жауады, солтүстік өңірлерде қалың қар жауады.
Бұрқасын, көктайғақ болады.
Сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 градус аяздан 5 жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде —5 аяздан +2 дейін жоғарылайды.
15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді.
Салдарынан республиканың солтүстік жартысына аяз қайтып келеді.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді.
Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгеріс болмайды.