Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Алдағы Ораза айына коронавирус қаншалықты әсер етпек?

Atr.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Елімізде енгізілген коронавирус инфекциясынан сақтану шаралары шеңберінде Бас мүфти Наруызбай қажы Тағанұлы халық көп жиналатын Жұма намазына қатысты шұғыл нұсқаулар берген болатын. Осы орайда, 23 сәуірде басталатын қасиетті Ораза айында да шектеулер бола ма?

Біз мұны Қазақстан Мұслымандары діни басқармасынан сұрастырып көрген едік. Аталған басқарма мамандары әзірге толыққанды ақпарат бере алмайтындарын жеткізді. Себебі, бұл тек алдағы уақыттың еншісінде ғана. Сондай-ақ, көп жағдай аурудың таралу барысы мен оны жұқтырғандар санына байланысты. Сондықтан, нақты бір нәрсе айтуға әлі ерте. Қысқаша қайырғанда, қандай шектеулер қойылып, шаралар алынатыны Рамазан айы жақындағанда белгілі болмақ.

Айта кетейік, Бас мүфтидің нұсқауларына сәйкес:

1.Жұмазына дейінгі 30 минуттық уағыз айтылмайды; х

2.Хұтпа қысқартылып оқылады;

3.Намазда кемінде 3 аяттық сүрелер оқылады;

4.Сүннет намаздары үйден оқылады;

5.Тәспі тартылмайды;

6.Қол берісіп амандасуға болмайды.

Ал, ескертпелерге құлақ аспау мешіттегі ішкі тәртіпті бұзғанмен бірдей болмақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronavirusқa-қatysty-kejbir-is-әreketterge-tyjym-salyndy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button