Жаңалықтар
Тамызда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМҚ 2-4 тамыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Республика аумағына Кар теңізінен ауысып келген циклон Қазақстан облыстарының басым көпшілігінің ауа райына ықпалын тигізеді. Осыған байланысты алдағы үш тәулік бойы найзағай аралас жаңбыр жауады, дауылды жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал.