Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Алаяқ инспектордың ақыры

Алаяқтық жасаған көлік инспекторы ақыры сотталып тынды. Енді ол үш жарым жыл уақытын темір тордың арғы жағында өткізетін болады.

Алая__ инспекторды__ а__ыры

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, істің анық-қанығы мынадай: жол оқиғасы болған жерге келген жол-көлік қызметінің өкілі  «Мерседес» автомобилін мінген жол апатына қатысушының ізін суытқанын анықтаған. Ол қымбат машинаның иесі қайда тұрып жатқанын анықтап, үйіне барып, автомобильден мемлекеттік нөмірді түсіріп  алған. Инспектор жүргізушіге қозғалмаған әкімшілік материалды тоқтату туралы мәселені шешуге уәде еткен. Сөйтіп,  өзінің «қызметін» 30 мың теңгеге бағалапты.

Ол жүргізушіден ақша алғаннан кейін ұсталды. Айыпталушы мен оның адвокаты кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасауға келіскен. Сот көлік инспекторын ҚР Қылмыстық Кодексінің  «Алаяқтық жасау» бабы бойынша айыпты деп танып, оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ, енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button