Жарнама
Жаңалықтар

«Алаш және Тәуелсіздік» атты кітаптың тұсауы кесілді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Алаш және Тәуелсіздік» атты кітаптың тұсауы кесілді. Ол «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы басшылығының бастамасымен жарық көрген болатын.

Шараны ашып, жүргізген партия төрағасы Ермекқали Юсупов өзі жетекшілік ететін партияның Алаш ұстанымын қазақтың ұлттық идеясы ретінде қарастыратынын, экономика мен нақты өмірде Алаш қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын насихаттайтындарын баса әңгімелей келе: – Әркез Алаш мұратына адалдық танытып, Алашорда партиясының мол мұрасын зерттеу мен зерделеуге, оларды жас ұрпаққа таратуға баса назар аударып келеміз. Түрлі ғылымитәжірибелік конференциялар өтіп, жыл сайынғы республикалық «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық байқауға да қатысудамыз. Алаштың 100 жылдығына орай «Алаш ізімен» атты экспедиция ұйымдастырылды. Бүгінгі кітабымыз да осындай бірлескен игі істің жемісі, — деді.

Бұдан соң сөз алған университет ректоры Саламат Идрисов, ата лған партияның с аяси кеңесшісі Әбілхан Төлеуішов, тарих ғылымдарының докторы, «Мәңгілік ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аққали Ахмет, тарих ғылымдарының кандидаты, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы жаңа кітапқа жоғары баға берді. Шара соңында жаңа кітаптың бірнеше данасы университет кітапханасына табыс етілді. Сондай-ақ, іргелі оқу орнының бір топ қызметкеріне Алғыс хат, төсбелгі мен Құрмет грамоталары тапсырылды.

Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button