Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Алаш арманын ақиқатқа айналдырған…

Atr.kz/29 қараша, 2019 жыл. Сағымды сары дала не көрмеді, нелерді бастан кешірмеді десеңізші!

Қаһарымен Еуропаны дірілдетіп, Рим папасының өзі құрдай жорғалап, құрақ ұшып қолын сүйген Еділ батыр, анасының құрсағынан қан шеңгелдеп туып, жарты әлемге билігін жүргізіп, көк тәңірі қолдап, жұлдызы жарқыраған Шыңғыс хан, қоластындағы ұлттар мен ұлыстарды қабағымен тітірентіп, «соғыс құдайы» атанған Ақсақ Темір сияқты әміршілер мен баһадүрлердің неше сойын көрмеді, небір майданға, небір зұлматқа куә болмады бұл Дала?! Алтайдан Дунайға дейінгі ұлан ғайыр кеңістік, құлан жортқан құба белдер біздің атабабаларымыздың даңқты жорықтарына куә болғаны рас.

Ел б а с ы н ы ң « Ұ л ы даланың жеті қыры» б а ғ д а р л а м а л ы қ мақаласында айтылғандай, Еуропаға өркениет пен білімғылым негіздерін таратқан сол бір қаһарман ата-бабаларымыз қалыптастырған Дала заңы – біздің ұлттық кодымыз. Шетсізшексіз далада, ұшарын жел, қонарын сай білген көшпенді халық қалай басқарылды? Шындығында, ережесі мен тармақтары қағазға қатталмаған Дала заңы әр қазақтың жүрегіне қашалған деуімізге де әбден болады.

Мамыражай, тыныштық заманда өз ауанымен, жайлауы мен қыстауында көшіп жүрген көшпенді жұрт ел шетіне жау тигенінен сәтте құлақтанып, бір жұдырықтай жұмылып, ортақ жауды желкесінен басып, жаншып тастап отырды емес пе?! Сол бір жаугершілік замандарда құл болып сатылып кеткен Бейбарыс бабамыз мәмлүктерді ондаған жыл бойы басқарғаны да осы дала заңымен тәрбиеленгендігінен деуімізге әбден болады. Діні басқа Дәуіт пайғамбардың зиратына жұрттың бәрі еңкейіп кіріп жатқанда, өр рухымды аласартпаймын, өр басымды имеймін деп зираттың төбесін бұздырып, атымен кірген еді Бейбарыс.

Осы бір рух жоғалмады, қанша жерден отарлап, бодандық бұғауын басымызға кигіземіз деседағы, аяғына таптай алмады, бағындыра алмады, ел жүрегінен Тәуелсіздікке деген аңсарды аластай алмады. Есте жоқ ескі заманның өзінде Тоныкөк пен Білге қаған бас болып, көкбөрі рухты тасқа қашап жазып, балбал тастардың бетіне қалдырып кетті. Осы бір шеті мен шегі жоқ сайын далада «Мәңгі ел орнатамыз, Мәңгілік ел етеміз» деген арман көкірегін жандырған небір боздақтар сол бір арманның жалынына өртеніп кетпеді?!

Бірақ, кеудесін бастырмады, өр басын имеді дұшпанына. «Үш жүздің басын қоссам» деген арманмен Абылай хан да өтті тарих сахнасынан. Абылайдың да, Әбілқайыр, Кенесарының да арманы Бумын қаған, Тоныкөк, Білге қаған, Күлтегіндермен бірарнада тоғысатыны да ақиқат. Ол – алты алашты біріктіріп, мәңгі ел ету. Осы бір асыл арманды жүзеге асыру бақыты жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарында Елбасына бұйырды.

Нұрсұлтан Назарбаев – бұрын Кеңес Одағы құрамында болған, ешқандай өнеркәсібі дамымаған, өндіріс орындары жоқ, фабриказауыт салынбаған иен даланы, қаңырап қалған елде Тәуелсіздік туын көтеріп, ата-баба арманын жүзеге асыру мақсатында белгісіздік мұхитына тәуекелдің қайығын салған ер. Қай кезеңде, қандай істі қолына алса-дағы сонау балбал тастарда қашалған өсиетті, көкбөріге тән қасиетті есінен шығармаған Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық таным мен салт-дәстүр, тыныс-тіршілікті заман мен дәуір тынысына сай ұрпаққа мирас ету қамына кірісті.

Арман қала, ару қала, нағыз жердің жәннаты атанған Алматыны қалдырып, ел астанасын Сарыарқаға қоныс аударту астарында да ата-баба аманатына адалдық бар еді. Нұр-Сұлтан қаласына жақын жерден табылған археологиялық қазбалар, ежелгі Бозоқ қаласының орны осыны дәлелдегендей. Бір кездері Ермак жаулап алған Есіл жағасында айбынын елден асырып, жамалы әлемді жаулағандай жауһар қала тұрғызудағы мақсат – қазақтың Тәуелсіздігін, егемен ел болғанын барша дүниеге әйгілеу, сүйіншілеу.

Алаш арманын ешқашан жадынан шығармаған Елбасы жаңа ғана аяғынан тұрған жас қазақ мемлекетін дүние жүзіне мойындату мақсатында «Көктүріктер» жырында айтылғандай: «Күндіз отырмады, түнде ұйықтамады». Әлемді атом апатынан құтқару мақсатында «Семей» полигонын жауып, бейбітшіл саясатымен өзге елдерге үлгі көрсетті. Аяғына енді ғана қаз тұрған жас мемлекеттің тыныштық пен бейбітшілік көздеген қадамы әлем жұртшылығын елең еткізгені анық.

Одан беріде қаншама жұмыстар атқарылды, оның бәрі де елдің көз алдында жүзеге асты. Күні кеше ғана бүкіл дүниежүзінің алдында ЭКСПО-2017 көрмесін абыроймен атқарып, тағы да еңсемізді тіктедік. Тәуелсіздіктің таңсәрі тұсында, сонау 1992 жылы еліміз ең алғаш Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болған соң, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Назарбаев Бас Ассамблеяның 47 сессиясында Ұлы Абайдың «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген сөзін таза қазақ тілінде айтқанда, бір серпіліп қалған едік…

Содан кейін 23 жыл өткенде әлемнің барлық елінен тек БҰҰ-да алты мемлекеттің ғана тілі ресми естілер кезде, қазақ халқы қасиетті санайтын жетінші тіл болып, қазақ тілінде тұтас баяндама жасалды. Ол халықаралық алты тілге аударылды. Және қандай баяндама, экономикалық дағдарыс күшейіп, бүкіл дүние дүбірлеп тұрғанда, әлемдік күрделі мәселелерді кесек турап, кесімді де, шешімді
түрде түйінін түйіп айту, бүкіл мемлекет басшыларына құнарлы қазақ сөзімен құйып айтудың бағасын ешнәрсемен салыстыруға болмас…

Қазіргі Азия мемлекеттерінің әлемдік азулы жолбарыстарға
айналуына байланысты БҰҰ штаб-пәтерін әлем халқының үштен екісі тұрып жатқан Азия төріне ауыстыру мәселесі креативті, тосыннан табылған толымды ұсыныс екенін тек қазақ сарапшылары ғана емес, дүниежүзінің барлық сарапшылары жарыса айтуда. Ал, ол Азияның айтулы қалаларының ішінде, Елбасымыз кейін сапар қорытындысын жасағанда Сингапурмен қатар Астанамыздың да аты аталуы Алаш жұртын тағы бір сілкіндірді. Бұның астарында әлемдік деңгейде ойлайтын Ұлт Көшбасшысының Қазақ елін «Мәңгілік Ел» ету жолындағы тереңнен тартқан тербеліс, Көк түріктер қағанатынан жал- ғасқан көрегендік жатқанын түсіну үшін де түпсіз түйсік керек екені анық…

Алаш ардақтыларының арманын алға асыруда Елбасының дәл осындай көрегендігі мен сарабдал саясаткерлігі, тосыннан тәуекелге баратын ермінезділігі – оның сонау Көкбөріні тотем қылып, көк байрақты төбесіне көтерген Күлтегін, Еділ батыр, Бейбарыстардың жалғасы екенінің дәлелі. Өзі жанындай сүйетін алаш жұрты Нұрсұлтан Назарбаевты ел көсеміне әлдеқашан айналдырғаны ақиқат. Оның астарында ел махаббаты, халық сүйіспеншілігі бар екені анық.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button