Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Қаланың көк шаңын шығарды (+ВИДЕО)

Қаланың қақ ортасында «құйындата» жөнелген жеңіл көлік жайлы бейнеролик желіде желдей есті.

«BMW» маркалы көлік иесі Успен шіркеуінің тұрағында небір экстремалдық маневрларды орындады. Айта кетейік, мұны «дрифтинг» деп атайды. Бұл – көлік спортының бір түрі болып табылады. Облыстық полиция департаментінде хабарланғандай, жүргізушінің 2000 жылы туылған Атырау қаласының тұрғыны екені анықталған. Оған қатысты әкімшілік шаралар алынып, 5 және 10 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынып отыр. Бұған дейін де атыраулық жүргізушілер дрифтинг үшін ресми алаң қажеттігін айтып келген еді. Әйтсе де, әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button