Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Қалам қуаты танылған күн

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен фототілшілері арасында биылғы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай «Мәңгілік Ел» шығармашылық конкурсы жарияланған болатын. Конкурстың мақсаты – аймақтық басылымдар мен телеарнада Тәуелсіздік жылдарындағы облыс пен республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында қол жеткен табыстарын насихаттау.

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%b3%d0%b52

Өткен сенбі күні «Атырау-Ақпарат» баспасөз клубында «Мәңгілік Ел» конкурсының қорытындысына арналған салтанатты жиын болды. Онда облыстық  ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева журналистерге аталған конкурстың қорытындысы бойынша алынған қазылар шешімін жария етті.

— Жалпы жүлде қоры екі миллион теңге болатын бұл байрақты бәсекеге  баспасөз және  ақпарат құралдарынан 32 өкіл қатысты. Конкурсқа барлығы 124 баспа, фото және бейне материалдар келіп түсті. Бұлардың 22-сі басылымдар мен сегізі теле-радиоарналар журналистерінің дайындаған материалдары болды. Конкурстық қазылар құрамының ұйғарымымен  тиісті талаптарға сай келмегендіктен тоғыз журналистің жолдаған материалдары бәйгеге қатыстырылмады, — деген Әсия Баянқызы журналистерге тиісті марапаттарын табыстады.

Әрқайсысы 100 мың теңгеден мадақтау сыйымен марапатталғандар:

— Әнуар Әбілғазиев (облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің фототілшісі);

— Гүлзада Салықова (Мақат аудандық «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы);

— Ақмарал Мединамова («Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Атырау облыстық филиалының тақырыптық хабарлар редакциясының редакторы).

Әрқайсысы 200 мың теңгеден үш үшінші жүлдеге ие болғандар:

— Қайролла Қабдешев (Атырау фотожурналистикасының ардагері);

— Айдар Сабыров  (Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі);

— Құттыгерей Смадияр («Мұнайлы Астана» газетінің бас редакторы).

Әрқайсысы 300 мың теңгеден екі 2 орынға мыналар лайықты деп танылды:

— Гүлжан Елешева (облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі);

— Ботагөз Қарабалаева («Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Атырау облыстық филиалының режиссері).

Бірінші орын  – 500 мың  теңге иегері:

— Исатай Балмағамбетов  (облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы).

– Облысымызда соңғы жылдары журналистерді ынталандыру, марапаттау шаралары көптеп өткізіліп жүргендігі қуантады. Аталмыш конкурсқа ұйытқы болған ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Мұның өзі – қалам ұстаған қауымға құлшыныс, серпіліс беретін үрдіс. Алдағы уақытта да еліміздің өркендеуі,  тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолында үлес қоса беретін боламыз, — деді «Мәңгілік Ел» шығармашылық конкурсының жеңімпазы Исатай Балмағамбетов.

Гүлзада Ниетқалиева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button