Қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бүгін Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов қала әкімшілігінің аппаратына өзінің жаңа орынбасарын таныстырды. Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Мейірім Қалауи Жоламанұлы тағайындалды.
Мейірім Қалауи бүгінге дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келген еді. Қала әкімі орынбасарының қызметіне әлеуметтік сұрақтарға жауап беру, білім, спорт, мәдениет, медицина, дін, еңбекпен қамсыздандыру, жастар және ішкі саясатпен байланыс жасау жұмыстары кіреді.
ATPress.kz анықтамасы:
Қалауи Мейірім Жоламанұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосында дүниеге келген.
2002 жылы Атырау қаласындағы Ж. Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп лицейін тамамдаған.
2006 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін аяқтаған.
Студент кезінде азаматтық қоғам институттарында белсенді қызмет атқарды. Облыстың қоғамдық-саяси жұмысына белсенді қатысып, қаладағы жастар ұйымдарына жетекшілік етті.
2006 – 2007 жылдар аралығында «Атырау — Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында қызмет атқарған.
2007 – 2010 жылдар аралығында Ресей Федерациясы президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында білім алған. МВА және экономика ғылымдарының магистрі.
2010 жылы «Тұран» ЖШС директоры.
2010 – 2011 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы лауазымында жұмыс жасаған.
2011 — 2012 жылдарда «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы.
2012 — 2016 жылдары Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.
2016 жылдың маусымынан Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылдың 17 ақпанынан Атырау облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
«Нұр Отан» Партиясы Атырау облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі.
ATPress.kz сайтынан