WhatsApp Image 2018 09 27 at 16.42.12 2

Қала әкімі кәсіпкерлерді қаланың дамуына үлес қосуға шақырды

Жаңалықтар Шаһар шырайы

Әлимұхаммед Құттұмұратұлы бизнес орталығының өкілдеріне облыс орталығында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-27 at 16.42.12 (2)

Атырауда қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлының кәсіпкерлермен кездесуі өтті. Іс-шара «сұрақ-жауап» форматында өтті, оған облыс орталығының 200-ге жуық кәсіпкері қатысты.

Атырау қаласының әкіміне 20-ға жуық сұрақ қойылды. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлік нысандарын салуға жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым өткізу, монополистерге қатысты мәселелерді шешу болды.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп қала әкімі Әлимұхаммед Құттұмұратұлы кәсіпкерлерге Атырау қаласының дамуы мен өркендеуіне үлес қосуды өтінді.

– Бүгінгі таңда қала 150 млрд теңгеге жуық жобаларды жүзеге асыруда. Барлық жобалар қала үшін өте маңызды. Жергілікті бюджеттен оларды жүзеге асыру үшін қаражат жетіспейтінін түсінеміз, сондықтан кәсіпкерлерді қаланың дамуына үлес қосуға және қаланы жақсартуға көмектесуге шақырамыз. Мысалы, өткен жылы кәсіпкерлер көптеген спорт алаңдарын салған. Ақтөбенің кәсіпкерлері 1 млрд. теңгеден астам сомаға объектілер салған. Құлсары қаласында жергілікті кәсіпкерлердің бірі 800 миллион теңгеге балабақша салып, оны қалаға сыйға берді. Биылғы жылы бизнестің өкілдері біздің Атырауды жақсартуға көмектескенін қалаймын, – деп Әлимұхаммед Құттұмұратұлы кәсіпкерлерге өтініш білдірді.

WhatsApp Image 2018-09-27 at 16.42.12

Қала әкімінің айтуынша, кәсіпкерлер қазіргі таңда елімізде көптеген жүзеге асып жатқан  «Туған жерге тағзым», «Жомарт жүрек» бағдарламаларға демеуші мен қайырымдылық көмекші болып белсенді қатыса алады. Мемлекет басшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақаласын жүзеге асыру аясында қаланың дамуына елеулі үлес қосуға мүмкіндік бар.

– Сіздердің әрқайсыңыздың бизнес-құрылымдарыңыз бар, егер сіз оларды өсіріп, ағаштар отырғызсаңыз, оларға қамқорлық жасасаңыз, бұл қаланың дамуы мен гүлденуіне баға жетпес үлес болады. 
Ия, біз айыппұл сала аламыз, бірақ біз сіздің санаңызға үміт артып, мұны істегіміз келмейді. Өз тарапымыздан біз технология мен көшеттерге көмектесуге дайынбыз, – деді қала әкімі кәсіпкерлерге.

Әлимұхаммед Құттұмұратұлының айтуынша, 2019 жылы облыс орталығында 100 тұрғын үйді жабдықтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жаңа жобаның тұжырымдамасы әзірленуде, оны жүзеге асыру барысында кәсіпкерлер белсенді қатыса алады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған