Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қала дидары

Қаламыздың реңін ашып, сән-салтанатын асқақтататын, символы болып саналатын ескерткіш – Исатай мен Махамбеттің салт атты мүсіндері.  Алыстан келген қонаққа ең алдымен Исатай-Махамбет алаңын аралатып, суретке түсетініміз де рас.

????????????????????????????????????

Әрине, одан кейінгі орында күй атасы Құрманғазының тұлғасы тұр. Ол да қаланың ең бір көрнекі жеріне, Азаттық көшесінің бойына орналасқан. Іргеде ағып жатқан Ақ Жайықтың жағасымен қыдырып, бас көпір арқылы Бұқар беттен Самар бетке өтеміз. Яғни, Азиядан Еуропаға келеміз. Екі құрлықты Жайық бөліп жатыр. Бұл –  қаламыздың ең басты ерекшелігі.

Әрі қарай Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясы алдындағы күй анасының кеуде мүсіні де – өте бір жақсы әсер қалдыратын дүние. Қонақтар сондай-ақ, «Ренессанс» қонақ үйі алдында тұрған жыр падишасы Фариза ақын ескерткішіне де бір тағзым етпей кетпейтіні тағы бар. Енді Жайықтың жағасында Қыз Жібекке бір көрнекті ескерткіш орнатылса, жер тарихы түгенделе түсер еді.

Арайлым САЛТАНАТОВА,

мұғалім, қала тұрғыны.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button