Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Акцияны да электронды ақшамен аласыз

Газетіміздің өткен сандарының бірінде «Электронды ақшалар: кеше және бүгін» тақырыбымен жарық көрген мақалаға орай, ҚР Ұлттық Банктің Орталық аппаратынан келіп түскен хатты жариялап отырмыз. Астанадан жеткен ресми хатта электронды ақшаның көмегімен бағалы қағаздарды сатып алуға мүмкіндік беретін жобаның дайындалып жатқаны да хабарланыпты.

%d0%b0%d0%ba%d1%86%d0%b8%d1%8f%d0%bd%d1%8b-%d0%b4%d0%b0-%d1%8d%d0%bb%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%80%d0%be%d0%bd%d0%b4%d1%8b-%d0%b0__%d1%88%d0%b0%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%b7

«Электрондық ақша» жүйесі – Қазақстанда 2012 жылдан қызмет көрсете бастады. Бүгінде еліміздің ішкі нарығында сатып алуларды жүзеге асырушы алты жүйе жұмыс істеп жатыр.

Электрондық ақша жүйесін енгізу – елдегі интернет-коммерцияны кеңінен таратуға, қашықтықтан көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін онлайн режімінде одан әрі дамытуға ықпал етіп отыр. Бұл жүйе – қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде Ұлттық Банк электрондық ақшаға құнды қағаздарды сатып алуға жағдай жасайтын жобаны да дайындауда. Осы мақсатта, транзакциялардың жүргізілуін және сатып алынған бағалы қағаздарға меншік құқығын растай алатын «Blockchain» технологиясы қолданылуда. Жобаның басты артықшылығы — бағалы қағаздармен мәмілелерді онлайн режі-мінде жасау (лезде жеткізу), делдалдың болмауы, мобильдік технологияларды кеңінен қолдана отырып, клиент үшін ақпараттың толықтай қолжетім-ділігін қамтамасыз етуінде болып отыр.

Осылайша, құнды акцияларды сатып алу немесе сату бойынша операциялар жүргізуді көздейтін жаңа жоба – электрондық ақшаны пайдалану, мобильдік қосымшаларды қолдану, «Blockchain» технологиясын іске асыру сияқты үш бірдей озық жаңалықтарды ортақ мақсатқа топтастыруда» делінген №54-01-12/2092 шығыс нөмірімен келіп түскен хатта.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button